Мектебіміздің мақтанышы, білікті педагог — Жанар Абаевна Жамбусинованы кезекті кәсіби жетістігімен құттықтаймыз!
Жанар Абаевна Павлодар қаласында өткен «STEAM-білімдегі Public Lesson Study» атты республикалық семинар-практикумда өз тәжірибесімен бөлісіп, жоғары деңгейде шеберлік көрсетті. «Bansho» әдістемесі арқылы оқу қызметін модельдеу тақырыбындағы кәсіби ой-тұжырымдары республикалық деңгейде жоғары бағаланып, арнайы сертификатпен марапатталды.
Ұстаздың ізденісі — мектептің мерейі! Әріптесімізге шығармашылық шабыт пен шәкірт тәрбиелеудегі қажымас қайрат тілейміз!
|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Еңбекші негізгі жалпы білім беру мектебі» КММ
|
|
|---|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Еңбекші негізгі жалпы білім беру мектебі» КММ
КГУ «Енбекшинская основная общеобразовательная школа» отдела образования Железинского района, управления образования Павлодарской области




