Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Еңбекші негізгі жалпы білім беру мектебі» КММ
КГУ «Енбекшинская основная общеобразовательная школа» отдела образования Железинского района, управления образования Павлодарской области
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Еңбекші негізгі жалпы білім беру мектебі» КММ
КГУ «Енбекшинская основная общеобразовательная школа» отдела образования Железинского района, управления образования Павлодарской области
«Білімді ел – ел болашағы» бастауыш сынып апталығы аясында 1–4 сынып оқушылары арасында «Математика – ғылымдар патшасы» атты танымдық әрі қызықты сайыс өткізілді. Сайыс барысында оқушылар өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін, жылдамдықтарын және білім деңгейлерін көрсетіп, түрлі тапсырмалар мен қызықты есептерді орындады. Әр кезең ерекше тартымды ұйымдастырылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түсті. Бұл іс-шара оқушылардың математикаға деген сүйіспеншілігін нығайтып, білімге құштарлығын арттыруға үлкен ықпал етті.
2026 жылдың 14 сәуірінде мектебімізде кезекті мектеп басшысы жанындағы кеңес ұйымдастырылып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды мәселелер жан-жақты қарастырылды. Жиналыс мазмұнды өтіп, әрбір қаралған тақырып бойынша нақты ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.
🔍 Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
🔹 III тоқсан қорытындысын талдау – оқушылардың білім деңгейі сараланып, үлгерім көрсеткіштері талқыланды
🔹 ББЖМ бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дайындық бағыттары нақтыланды
🔹 Қорытынды аттестаттау мен аралық емтиханға дайындық барысы қаралды
🔹 «Досбол Like» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар мен ұйымдастырылған іс-шаралар қарастырылып, олардың тиімділігі талданды. Оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, жағымды психологиялық орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
🔹 Зиянды заттардың алдын алу бойынша профилактикалық шаралар ұсынылды
🔹 Педагогикалық әдеп пен мұғалімнің кәсіби мәдениеті талқыланды
🔹 Мектеп аттестациясына дайындық мәселелері қарастырылды
🔹 Әртүрлі сұрақтар бойынша пікір алмасу жүргізілді
💡 Жиналыс барысында білім сапасын арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, сондай-ақ мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру бағытында бірқатар маңызды міндеттер айқындалды.
🤝 Бірлесе атқарылған жұмыс – табысты нәтижеге жеткізеді! Әрбір педагогтің жауапкершілігі мен белсенділігі – сапалы білімнің кепілі.
✨ Біздің мақсат – бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Бір күн — екі әлем: Рухани жаңғыру мен тарихқа саяхат!
Бүгін Еңбекші негізгі жалпы білім беру мектебінің оқушылары үшін нағыз танымдық марафон болды. Біз бір күн ішінде екі бірдей ірі мәдени ошақтың жәдігерлерімен танысып, рухани азық алдық.
Бірінші аялдама: Қ. Сәтбаев мұрасы
Ауданымызға арнайы келген Қаныш Сәтбаев атындағы мұражайдың көшпелі көрмесі бізді ғылым әлеміне жетеледі. Ғұлама ғалымның өмірі, қазақ жерінің байлығын зерттеудегі ерен еңбегі мен бірегей жәдігерлер балалардың зор қызығушылығын оятты. Тұлғаның биік болмысы оқушыларымызға үлкен мотивация сыйлады.
Екінші аялдама: Туған өлке шежіресі
Сапарымыз Железин ауданының орталық тарихи-өлкетану мұражайында жалғасты. Мұнда біз туған өлкеміздің көне тарихынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі шежіресіне үңілдік. Мұражай қызметкерлерінің шебер баяндауы мен әрбір экспонаттың сыры балаларды ертегілер әлеміне енгендей әсерге бөледі. Железин бекінісінің тарихы мен ата-бабаларымыздың тұрмыстық бұйымдары өткенге деген құрметімізді арттырды.
Қорытынды:
Бір күнде екі мұражайды аралау — оқушылар үшін тек білім ғана емес, үлкен тәрбие мектебі болды. Көзбен көріп, көңілге түйген осы ақпараттар жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін оятып, тарихқа деген қызығушылығын шыңдай түсетіні анық.
Осындай тағылымды шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен барша жанға алғыс айтамыз!Рухани жаңғыру
2025 жылдың 3 желтоқсан күні Еңбекші негізгі жалпы білім беру мектебінде жас мамандарға арналған “ Кәсіби шеберлік пен педагогикалық мәдениет қалыптастыру” тәжірибелік семинар өтті.
Семинар барысында мұғалімдер жаңа әдістермен, инновациялық технологиялармен және тиімді педагогикалық тәжірибемен танысты.
🔹 Жас мамандарға арналған мотивациялық тренинг
🔹 «Тиімді сабақ – кәсіби шеберліктің көрсеткіші» атты тәжірибелік кеңес
🔹 Пәндерді оқытудағы өмірлік жағдайлармен сабақтастыру жолдары
🔹 «Цифрлық дәуір мұғалімі: жасанды интеллекті сабақта қолдану» практикалық жұмысы
✨ Семинар жас педагогтарға шабыт беріп, кәсіби дамудың жаңа қырларын ашты.