Жаңалықтар
Облыстық «Үздік тәлімгер жасағы» сайысының аудандық қорытындысы бойынша мектебіміздің аға тәлімгері К.Д.Смаилова «Балалық шақтың досы» номинациясына ие болды.
30.01.2024ж. 2006 жылғы және одан кіші жастағы оқушылар арасында өткен аудандық шахмат турнирінде 5-сынып оқушылары Урунбай Нұрасыл мен Шамшит Даулет командалық есепте 3 орынды иеленді
2024 жылдың 29 қаңтар күні «Тіл мен тарих — болашақтың алтын көріпі» атты Гуманитарлық пәндер апталығының ашылу салтанаты өтті. Жауапты: А.К.Джумабекова, Ж.А.Жамбусинова, Н.В.Шефер, Қ.Д.Сарт.
24 қараша күні жаратылыстану-математика апталығы аясында мұғалімдер арасында интеллектуалды сайыс өтті. Сайыста мұғалімдер екі топқа бөлісіп жарысты.
Жаратылыстану-математика апталығында 28 қараша күні «География арқылы әлемді таны» атты 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен сайыс өткізілді. Жауапты мұғалім: Ибрагимова.С.Х
2023 жылдың 23 қараша күні математика мұғалімі Матенов Нартай Макенулы 6-сыныпта «Теріс сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі сандарды қосу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта цифрлық ресурстар кеңінен қолданылып, оқушылар белсенді қатысты
2023 жылдың 22 қараша күні Жаратылыстану-математика апталығы аясында 5-сынып оқушыларымен жаратылыстану пәнінен «Табиғи, жасанды заттар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Жауапты мұғалім: Ендибаева.Г.Е
Жаратылыстану-математика апталығында жоспар бойынша музыка пәнінен 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен «Ән-күй халық қазынасы» атты сыныптан тыс іс-шара жүргізілді. Жауапы мұғалім: Ислямова.А.С
20.11 күні мектебімізде жаратылыстану-математика пәндері апталығының ашылуы болды. Жиында оқушылар атақты ғалымдар мен танысып, апталықта өтетін іс-шаралар жоспарымен танысты
12 сынып оқушысы Ерсұлтан Питебай Массачусетс технологиялық институтынан шақыру алды. Қазақстандық оқушы өз арманын қалай жүзеге асырғанын айтып берді. 18 жастағы Ерсұлтанның айтуынша, оның шетелде білім аламын деген арманы сегізінші сыныптан басталған. Физиканы пәніне де қызығушылығы осы кезде арта бастаған. «Бес жылдан бері түрлі олимпиадаларға қатысып келемін. Сегізінші сыныпта алғаш рет республикалық, одан әрі физика […]